RSS лента

Коронавирусқа қарсы вакцина нарыққа қашан шығады?

  • 06.11.2020, 17:33,
  • 944
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекеттердің билігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мақұлдаған COVID-19 вакцинасы басқа вакциналарға қарағанда үлкен қауіп төндіруі мүмкін емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұл туралы бейсенбіде виртуалды баспасөз конференциясында Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары Жарбас Барбоса мәлімдеді.

 

«Соған сәйкес, кез-келген жаңа вакцина клиникалық сынақтардың барлық үш кезеңінен өтуі керек және олардың нәтижелері жария етілуі қажет. Сондай-ақ жаппай вакцинация кезеңінде, нарықта жаңа вакцина пайда болған кезде, мониторинг жүйесін құру өте маңызды. Иммундауға дайындық елдермен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде. ДДСҰ-да жаппай вакцинация нәтижелеріне мониторинг жасау шартты түрде клиникалық зерттеулердің «төртінші кезеңі» деп аталады.

 

Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакциналарды сынақтан өткізудің үшінші кезеңі 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың басына дейін жүргізіледі. Ал препараттар нарықта 2021 жылдың бірінші жартысында пайда болады. Коронавирусқа қарсы жаппай иммундау қай айда басталатынын анықтау әлі қиын» деді ол.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости