RSS лента

COVID-19: Қытай қайтадан ауырып жатыр ма? (+видео, фото)

Автор фото: thepaper.cn

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Иу және Цзясин қалаларында жергілікті халықты вакциналау науқаны басталғанын қытайлық БАҚ хабарлай бастады.


Вакцина еріктілерге салынады. 18-ден 59 жасқа дейінгі тұлғалар вакцинация алуға рұқсат етілген. Вакцинация жоспары екі сатыдан тұрады. Бір дозаның құны –200 юань (шамамен 30 доллар). Вакцинаны жүргізу аралығы 14-тен 28 күнге дейін. Вакцинациядан бұрын екпеге жазбаша келісім беріп, жанама әсерлер туындаған жағдайда медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек.

 

Ерікті келісім бойынша жағымсыз реакциялардың үш санаты сипатталған: жиі жағымсыз реакциялар, сирек және өте сирек жанама реакциялар. Жиі жағымсыз реакциялар арасында: қатты қызару және ісіну, сондай-ақ дене қызуының қысқа мерзімде жоғарылауы. Сирек жағымсыз реакциялар: қатты қызару және ісіну, қалтырау. Өте сирек кездесетін жағымсыз реакциялардың ішінде жергілікті асептикалық абсцесс, аллергиялық бөртпе, анафилактикалық шок көрсетілген.

 

Сақтық шараларының ішінде бұрын COVID-19 жұқтырған адамдар, сондай-ақ нуклеин қышқылы немесе антиденелерге тапсырған талдаулар оң нәтиже көрсеткен адамдар вакцинацияға жіберілмейді. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, сондай-ақ вакцинациядан кейін үш айдан кейін балалы болуды жоспарлаған адамдарға вакцинацияны алу кейінге қалдыру ұсынылады.

 

Чжэцзян провинциясының екі қаласында да коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуші – Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology Co., Ltd компаниясы, олардың препараты клиникалық зерттеулердің үшінші сатысында.

Оставить комментарий
Последние новости