"Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр" делінген хабарламада.
Айта кетейік, клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.