[media=https://www.instagram.com/tv/CHIxN_loUcp/?igshid=1qrqz0b4zvr5h ]
Оның айтуынша, Sars-coV-2 вирусын әлемдік үкімет мүшелері қолдан жасаған және Жер халқының бір бөлігін жоюға бағытталған, бірақ ол өте әлсіз болып шықты. Бұдан басқа, ол жаңа COVID-20 ауруының пайда болатынын айтқан. Бұл мәлімдемелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды.
Біріншіден, SARS-coV-2 коронавирус штаммының қолдан жасалғандығы туралы теория бірнеше рет теріске шығарылды. Жаңа штамм табылғаннан кейін бірден ғалымдар «SARS-coV-2 вирусының проксимальды шығуы» бойынша зерттеулер жүргізді. Олар тіршілік еткен кезеңде мутацияға ұшыраған штаммның тірі организмнен тыс жерде болмаған деген қорытындыға келді. Осындай мутациялардың бірі вирустың адамнан адамға жұғу қабілетін тудырды.. Бұрын ол тек жануарларда ғана болатын.
Екіншіден, SARS-coV-2 зертханада биологиялық қару ретінде жасалған деген теорияның дәлелі жоқ.
Үшіншіден, ғалымдар Жерде апатты түрде толып кету қаупі жоқ деген ортақ пікірге келді. Журналист Джон Иббитсон мен саясаттанушы Даррелл Брикердің болжамдары бойынша, 2050 жылдан кейін әлем халқы азая бастайды. Оған өмір сүру деңгейі мен ұзақтығының артуы себеп болады. Нәтижесінде адамдарда көп бала туу қажеттілігі жоғалады, ал кейбіреулері бала көтеруден мүлдем бас тартады. Бұл үрдістерді қазірдің өзінде байқауға болады. Осылайша, планета халқын азайту үшін биологиялық немесе басқа қаруды қолданудың қажеті жоқ. Адам популяциясының саны, басқалары сияқты табиғи түрде бақыланады.
Қорыта айтқанда, сән тарихшысы тұжырымдарына ешқандай негіз жоқ және оны ғалымдар мен мамандар бірнеше рет теріске шығарған.