RSS лента

Қара бұрыш коронавирустан қорғай ма?

Автор фото: әлеуметтік желі

Желіде қара бұрыш коронавирусты жұқтырудан қорғайды және оны тиімді алдын алу шарасы ретінде қолдануға болады деген ақпарат кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі  stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.

Пайдаланушылардың сөзіне сенсек, мұндай жаңалықты Үнді технология институтының ғалымдары ашқан.

 

Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастық үнді мамандарының тұжырымын қолдаған жоқ. ДДСҰ сайтында қара бұрыш SARS-CoV-2 вирусы жасушаларын тоқтата алады деген мәлімдеме ресми жоққа шығарылды.

 

«Әрине, тағамға қосқанда ащы бұрыш гастрономиялық артықшылықтарға ие, бірақ COVID-19-дың алдын алмайды және емдемейді» делінген ДДСҰ ресми интернет-платформасында.

 

ДДСҰ сарапшылары КВИ кезінде ғана емес, сонымен қатар басқа да вирустық аурулардың алдын алудың ең жақсы шаралары теңдестірілген тамақтану, көп су ішу, физикалық белсенділік және дұрыс ұйқы болып табылатынын ескертеді.

 

COVID-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу, жиі қол жуу және санитайзерлерді қолдану ұсынылады.

 

Оставить комментарий
Последние новости