Бұл туралы Қазақстанның COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәлімдеп отыр.
«Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді. Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристерден таралды» делінген ресми хабарламада.
Испаниялық генетик Иньаки Комастың пайымынша, мутацияға ұшыраған вирус індетке шалдыққандар қатысқан бұқаралық шарадан тарала бастады. Ғалым вирустың одан әрі тез таралуына Испанияда демалған туристердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болып отыр деп санайды. Жаңа мутацияның қаншалықты жұқпалы және қауіпті екені әзірге белгісіз.
**