RSS лента

Атырауда аса айуандықпен қорланған итті Калифорниядағы отбасы асырап алатын болды

  • 08.06.2020, 08:57,
  • 3 879
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Қатты қатыгездікпен қорланған итті калифорниялық отбасы асырап алмақ. Бұл туралы Атыраудағы американдық жұп әлеуметтік желіде хабарландыру таратты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Калифорнияда тұратын отбасы итті асырап алуға дайын екендерін айтып отыр. Енді оны жаңа иелеріне жеткізу үшін ұшақта бірге ұшатын адам керек. Егер алдағы шілде айында немесе жуық арада Америкаға ұшатындар болса, хабарласыңыздар. Сізден жол шығындарын төлеу сұралмайды. Тек итті тексеріп, жаңа иелеріне жеткізсеңіз жеткілікті. Барлық құжаттар мен басқа да қажеттіліктері қосымша ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости