RSS лента

NQZ: Идея авторы астаналық әуежайдың жаңа кодының мағынасын ашты

  • 09.06.2020, 09:13,
  • 1 002
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Tengrinews.kz

Халықаралық әуежайдың үш әріптік кодының авторы NQZ әріптерінің мәнін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Қысқарған NQZ сөзінің логикалық мағынасы қандай? N, бұл – Nursultan Nazarbayev airport, сондай-ақ, астанамыздың жаңа атауы – Нұр-Сұлтан. Ал, QZ –​ Qazaqstan сөзінен жаңа әліпбиге орай қысқартылып алынған.

Әрине, әліпби түбегейлі бекітілген жоқ. Бірақ, биліктің мұндай жаңа тәуелсіз зайырлы шешімі әлемге бізде жаңа атау, әуежайдың жаңа бренді бар екенін білдіреді деп ойлаймын. Осылайша, біз күллі жаһандық қауымдастыққа жаңа жолаушыларды күтетінімізді, жаңа бағыттар ашылатыны жөнінде белгі береміз. Мен мұны жаңа импульс деп санаймын», - деп мәлімдеді Алтай Абибуллаев астаналық әуежайжайдағы баспасөз брифингінде.

Өз кезегінде ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев жаңа код байқау арқылы таңдалмағанын айтады.

«Енді бұл код ресми түрде енгізілді. Ендеше, жүк мәліметінде, ақпараттық таблода, кестеде, отырғызу талондарында жаңа NQZ коды болады», - деді Ластаев.

Біз бұған дейін ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап астана әуежайының үш әріптік коды NQZ болып өзгертілгенін жазған едік.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости