Қазіргі уақытта облыс бойынша 16 693 оқушыда компьютер жетіспеушілігі анықталды. Олардың 15 246-на мектеп компьютерлері қайтарымды келісіммен уақытша берілді.
«Бұл туралы тамыз кеңесінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты» деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта облыстың жалпы білім беру ұйымдары жаңа модификациялық кабинеттермен қамтылуы 30 пайызды құрайды.
Сонымен бірге, алдағы оқу жылында 10 IT, 8 биология кабинеттері сатып алынғалы отыр.