Шын мәнінде, КВИ-дан қайтыс болған пациенттердің ішкі мүшелерін ұрлаудың пайдасы жоқ. Олар трансплантациялауға жарамсыз.
Бүгінгі күні ағзаларды трансплантациялау кезінде COVID-19 берілетіні туралы ешқандай деректер болмаса да, трансплантациялауды қажет ететін адамдар иммуносупрессорларды (иммундық жүйені тежейтін препараттар – авт.) қабыладйды. Сондықтан кез келген қауіп-қатер мүмкіндігінше аз болуы керек, делінген Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің сайтында.
Бұдан басқа, донордың өзінің немесе оның туыстарының тірі кезінде берілген келісімінсіз ішкі органдарды алу Қазақстанда және басқа мемлекеттерде заңға қайшы болып саналады.
Біздің елімізде донорлық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен» реттеледі.
Құжатта «тірі кезінде індетті жұқтырған донордан немесе өлген донордан ағзалар мен тіндерді реципиентке трансплантациялау үшін алуға тыйым салынады» делінген.
Сондай-ақ, Қазақстанда дәрігерлер адамның донорлыққа келісімі немесе келіспеуі туралы хабардар еткенге дейін миы өлген пациенттен ағзаларды немесе тіндерді ала алмайды. Оны ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстарының бірі жасай алады. Сонымен қатар, қазақстандықтар өлгеннен кейін донор болуға келіспейтінін тірі кезінде рәсімдей алады.
Демек, COVID-19-дан қайтыс болғандардың ағзаларын алып жатқан дәрігерлер туралы қауесеттерге еш негіз жоқ екенін түсінеміз.