RSS лента

Бұрынғы министрдің ақша ұрлағаны рас па?

  • 31.10.2020, 23:06,
  • 931
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановті 30 қазанда «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікпен Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады деген ақпарат желіде желдей есті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұл мәліметті жоққа шығармады.

 

«Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз» делінген баспасөз хабарламасында.

 

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу») тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. 

 

Айта кетейік, Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды. Ал, 14 маусымда оның коронавирус жұқтырғаны расталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости