RSS лента

Банк қызметкері депозиттен ақша ұрлап отырған

Автор фото: Әлеуметтік желі

Депозиттерден қомақты қаражатты қолды қылған банк қызметкері Дубай қаласынан ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

 

«Тергеу материалдарына сәйкес, 57 жастағы әйел бірнеше жыл бойы өз клиенттерінің депозитінен ақшаны басқа есепшоттарға аударып отырған. Шығынның жалпы көлемі 32 миллион теңгеден асты.

 

Қылмыстық жазадан құтылмақшы болған әйел Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен. Содан Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған болатын. 18 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 189 бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу» бойынша іздеуге салынған банктің бұрынғы қызметкері Дубай қаласында ұсталып, Қазақстанға депортацияланды» делінген хабарламада.  

 

Оставить комментарий
Последние новости