https://www.facebook.com/watch/?v=261310771677884&extid=OanC0evxFQPIKYO8
Осыған орай онлайн-брифинг өткізген қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еліманов осылай деді.
– Тергеу мәліметтері бойынша, ол өзінің қарамағындағылардың арасынан қылмыстық топ құрған, олар 1,8 миллиардтан астам теңгені жымқырған. Аталған іс сотта қаралып жатыр, - деді ол.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев те миллион теңгені қалтаға басты деп күдіктелуде.
Ал, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мыңдаған қазақстандықтың Questra World қаржылық пирамидасының Қазақстандағы қызметінен зардап шеккенін жеткізді. Келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асқан. 2016-2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деген атпен қаржылық пирамида құру бойынша бірқатар қазақстандықтар мен шетел азаматтарына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Сол секілді, еліміздің үшінші мегаполисінде сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысына 500 млн теңгеден астам қаражатты қолды қылды деген айып тағылуда.