RSS лента

Жаппай вакцинациялаудан қорқудың қажеті бар ма?

  • 10.12.2020, 04:46,
  • 959
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазнетте COVID-19 қарсы жаппай вакцинациялау адамдардың жаппай өлуіне әкеледі деген теория тарады. Бұл пікірді жақтаушылардың айтуынша, шамамен жүз жыл бұрын, испан тұмауы пандемиясы кезеңінде аурудың емес, осы вакцинациялаудың салдарынан түрлі бағалаулар бойынша 50-ден 100 миллионға дейін адам қайтыс болған. Бұл – фейк, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Stopfake.kz ресми мәлім еткендей, жаппай вакцинациялаудан қорқудың да, толқудың да еш қажеті жоқ.


Испан тұмауы пандемиясы 1918 жылы басталып, екі жылға созылды.

 

Алғашқы бекітілген тұмауға қарсы белсенді емес вакцина, оның ішінде испан вакцинасы тек 1940 жылдары ғана шығарылды. Оны АҚШ әскери күштері әзірлеген. Оған дейін испан тұмауын емдеудің ең тиімді әдісі ауруды жұқтырған науқастарға жазылып жатқандардың қанын құю болған.

 

Демек, тұмауға қарсы вакцина 1918 жылы науқастардың жаппай өтуіне себеп бола алмайды.

 

COVID-19 вакцинасы көп адамның өліміне әкеледі деген тұжырым негізсіз. Біріншіден, адамдарға егілетін вакциналардың бәрі ДДСҰ және басқа ұйымдардың мұқият тексеруінен өтеді.

 

Екіншіден, COVID-19-ға қарсы препараттардың клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтары, соның ішінде сынаққа қатысқан адамдар хабарлаған реакциялар мен жағымсыз әсерлер туралы барлық деректер баршаға қолжетімді. Онымен кез келген адам таныса алады.

 

Қорыта келе, вакцинациялау арқылы адамдарды жаппай өлтіру туралы мәлімдемелер жалған деп айтуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости