RSS лента

COVID-19 қарсы вакцина неге тез жасалды?

  • 25.03.2021, 18:48,
  • 889
  • 0
  • Автор:

Әлеуметтік желілерде қолданушылар COVID-19 қарсы вакцинасының тез жасалуы бейнеленген суретті таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Кейбіреулерінің пікірінше, мұндай қысқа мерзімде қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмекті жасап шығару мүмкін емес, әлемде бірде-бір вакцина осылай тез әзірленбеген. Басқалары вакцинаны COVID-19 пандемиясы жарияланғанға дейін бірнеше жыл бұрын әзірлей бастаған, демек, мұның бәрі біреудің дайындаған жоспары дейді. Неліктен вакцинаны әзірлеуге көп уақыт қажет болмады? Бұл ойға қонымды. «Стопфейк» сайты бұл сауалға ресми жауап берді. Ендеше, назар салып көрелік...


 

 Біріншіден, Sars-CoV-2 – бұл ғылымға белгісіз өзіндік вирус емес, коронавирустың жаңа штаммы. Бұл штамм анықталған кезде ғалымдардың қолында коронавирустар туралы толық мәлімет болды. Сонымен қатар, әлемде SARS және Mers коронавирустарынан туындаған аурулардың өршуі болған. Ғалымдар сол кезде-ақ оларға қарсы вакцина жасауға тырысқан. Бұрынғы зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері жаңа штаммға қарсы вакцинаны әзірлеуге көмектесті.

 

Екіншіден, вакцинаны жасау үшін бұрын-соңды болмаған тәсіл қолданылды. Бір уақытта әр түрлі елдерде әртүрлі тәсілдермен жүздеген препарат әзірлене бастады. Сынақ, тәжірибе және қорытынды туралы барлық мәліметтер әлемдегі барлық әзірлеушілер үшін қолжетімді болды. Бұл вакцинаны жасау кезінде қателіктерді болдырмауға және белгілі бір іс-әрекеттердің нәтижесін алдын ала болжауға мүмкіндік берді.

 

Үшіншіден, әр түрлі елдерде вакциналарды жасау бағдарламалары үлкен қаржылық қолдауға ие болды.

 

Бұл препаратты әзірлеу мен тестілеу процесін едәуір жылдамдатуға мүмкіндік берді.

 

Төртіншіден, кандидаттар тізіміндегі кейбір вакциналар жаңа технология бойынша әзірленді. Оларды жасау үшін SARS-CoV-2 коронавирусының тікенектерін құрайтын S-ақуыздар ғана қажет. Оларды зертханалық жағдайда жасауға болады. Яғни, препаратты жасау үшін тірі вирус қажет емес. Бұл да вакцинаны әзірлеуді тездетуге мүмкіндік берді.

 

Қорыта айтқанда, вакцинаны қысқа мерзімі әзірлеу Дүниежүзілік қастандық теориясына қарағанда әлдеқайда қисынды сияқты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости