«Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеудің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі жүргізілуде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін» деді Бердібек Сапарбаев.