RSS лента

COVID-19 қарсы вакцина алған адамдар вирусты жұқтырған кезде өле ме?

  • 05.03.2021, 02:07,
  • 804
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Стопфейк"

Әлеуметтік желілерде британиялық дәрігер Долорес Кэхиллдің COVID-19 вакциналары керісінше әсер етеді деген жорамалы талқылануда. Оның пайымдауынша, екпе алған адамдар нақты SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған кезде иммундық жүйенің шамадан тыс әсерінен туындаған полиоргандық жетіспеушіліктен көз жұмады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі "Стопфейкке" сілтеме жасап.

Долорес Кахилл COVID-19 пандемиясы басталғанда танымал болды. Әлемдік БАҚ оның сөздерін келтіріп, оларды жоққа шығарды. Доктор Кэхилл пандемия жоқ, ал аурудың өзі маусымдық тұмаудан қауіпті емес деп мәлімдеді. Кейіннен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тиімсіз деп, бұл шараларды тоқтатуды сұрады.


 

 Бұл жолы Долорес Кэхилл мРНҚ вакциналарының жұмыс істеу тетіктері бойынша өз пікірін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай препараттар жасушалардың ДНҚ-сын Sars-CoV-2 вирусының тікенектерінде болатын ақуыздар шығаратындай етіп өзгертеді. Бұл дұрыс емес.

 

Біріншіден, мРНҚ вакциналары жеке жасушалардың да, дененің де ДНҚ-сын өзгертпейді. мРНҚ SARS-CoV-2 вирусының спайк-ақуызын құру туралы «нұсқауларды» жасушаға жеткізу қызметін атқарады. Ақуыз синтезделгеннен кейін жасуша осы «нұсқауларды» бұзады және өндірілген ақуыздың бір бөлігі жасушаның бетіне шығарылады. Иммундық жүйе бөгде ақуызды танып, вирус ағзаға түскен кезде ауруды жеңуге көмектесетін антиденелер қалыптастырады.

 

COVID-19 қарсы вакциналар, соның ішінде мРНҚ платформасында жасалған вакциналар қазіргі кезде көптеген елдерде белсенді қолданылып отыр. Вакцина алғандарда иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясының немесе цитокиндік дауыл симптомдарының тіркелуі туралы хабарланған жоқ.

 

Айта кетейік, цитокиндік дауыл екпе жасатпаған COVID-19 жұқтырған науқастарда тіркелген. Бұл туралы есеп The lancet журналында жарияланды.

 

Бүгінгі таңда вакциналар осындай жанама әсер тудыруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Сонымен қатар, мамандар қазіргі дәрі-дәрмек SARS-CoV-2 вирусының белгілі бір мутациясына қарсы тиімді болуы мүмкін деп хабарлады.

 

Қазақстанда мРНҚ негізінде COVID-19-ға қарсы вакциналар қолданылмайды. Ел тұрғындарына ресейлік «Спутник-V» препараты егілді. Ол аденовирус векторы негізінде әзірленген.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости