Біріншіден, бұл теорияны ойлап тапқандар алғашқы сынақ басталған сәттен жарты жыл өткенін ескермей отыр. Атап айтқанда, алғашқы еріктілерге Pfizer препараты 9 айдан астам уақыт бұрын – 2020 жылғы 5 мамырда егілген.
Moderna өз вакцинасын сәл кейінірек – 2020 жылғы шілде айында сынай бастады. 2021 жылғы 28 қаңтарда бұл препараттың алғашқы инъекциясының еріктіге жасалғанына жарты жыл болады.
Ресейлік «Спутник – V» вакцинасының клиникалық сынақтары алты айдан астам уақыт бұрын басталған – 2020 жылғы 16 маусымда.
Клиникалық сынақтарға алғашқы қатысушылар арасында өлім деңгейінің күрт артуы немесе ішкі ағзалардың бұзылуына байланысты оларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы хабарланған жоқ.
Екіншіден, ғалымдардың болжамынша, қолданыстағы вакциналар мутацияланған SARS-CoV-2 вирусына да қарсы тиімді болады.
Егер мутация өте тез және ауыр болса, онда препараттар жасалған РНҚ платформасының арқасында қысқа мерзімде жаңа вакцина әзірлеу мүмкін болады.
Осылайша, вакциналардың «кейінгі әсерлері» мен екпе жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң ішкі ағзалардың бұзылуына әкелуі мүмкін екендігі туралы қауесет дәлелденбеген. Препараттардың алты айдан астам уақыт бұрын басталған клиникалық зерттеулері бұл теорияны жоққа шығарды.