RSS лента

ЖАҢА ҚАУЛЫ: Екпе алмаған адам ПТР-тест тапсыруға міндеттеле ме?

  • 03.05.2021, 12:12,
  • 1 373
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 59 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

1) БМСД № 59 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

 

оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті;

 

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, шетелден Қазақстан Республикасына халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

 

халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;»;

 

2) БМСД № 59 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

         «2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

 

оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті;

 

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;»;

 

3) БМСД № 59 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

4) БМСД № 59 қаулысына 6-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 67 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

1) БМСД № 67 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

         «3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

 

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;»;

 

2) БМСД № 67 қаулысының 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі.

 

Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады;»;

 

3) БМСД № 67 қаулысының 7-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, COVID-19-ға тестілеу нәтижелерімен немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатпен Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы амбулаториялық қызмет мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;»;

 

4) БМСД № 67 қаулысының 13-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

 

5) БМСД № 67 қаулысына 1-қосымшада І бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.»;

 

6) БМСД № 67 қаулысына 1-қосымшада І бөлімнің 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған, CОVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;»;

 

7) БМСД № 67 қаулысына 9-қосымшада 1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 

 «3. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.»;

 

8) БМСД № 67 қаулысына 11-қосымшада 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«2) міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;»;

 

9) БМСД № 67 қаулысына 14-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

10) БМСД № 67 қаулысына 17-қосымшада 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«2) міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;»;

 

11) БМСД № 67 қаулысына 18-қосымшада «Объектіге кіруге рұқсат» деген бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«- стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болан кезде жүзеге асырылады;

 

12) БМСД № 67 қаулысына 18-қосымшада «Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының (қала сыртындағы лагерьлер, базалар) жұмыс процесін ұйымдастыру» деген бөлімінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«-келген кезде әрбір балаға денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың болмауы туралы анықтамалар, келуден кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс;»;

 

13) БМСД № 67 қаулысына 19-қосымшада 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болғандар;»;

 

14) БМСД № 67 қаулысына 20-қосымша мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

 

«16. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады.»;

 

15) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«20. Жұмыс беруші жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.»;

 

16) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«3. Кәсіпорын басшысы вахталық кенттен шыққанға дейін күн сайын соңғы 5 күн ішінде бақылау тексеруді (тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді. Вахтадан шыққанға дейін бес күн бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған қызмекерлерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелі жұмыскер анықталған жағдайда Кәсіпорын басшысы жұмыскерді жедел медициналық көмек келгенге дейін Кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыруды қамтамасыз етеді және бұл туралы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін жақын жердегі ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлайды, сондай-ақ АД өкілдері келгенге дейін COVID-19-ға ПТР тестінің оң нәтижесі бар жұмыскерлердің вахталық кенттен шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.»;

 

17) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«15. Қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін Кәсіпорынның медицина қызметкерлері жұмыскерлердің жалпы жағдайын тексеру жүргізеді, теріс нәтижемен ПТР әдісімен CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы құжаттың болуын тексереді.»;

 

18) БМСД № 67 қаулысына 26-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«2. Бала асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесуге әлеуетті ата-аналардың балалар үйлері мен балалар үйлеріне баруы әлеуетті ата-аналар теріс нәтижемен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.»;

 

19) БМСД № 67 қаулысына 26-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«15. Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжат бар болғанда қабылданады.»;

 

20) БМСД № 67 қаулысына 27-қосымшада 1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

 «8) азаматтық персонал адамдарын, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жеке құрамды қашықтықтан жұмысқа ауыстыру;»;

 

21) БМСД № 67 қаулысына 27-қосымшада 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер үшін үйден қашықтан қол жеткізу арқылы;»;

 

22) БМСД № 67 қаулысына 29-қосымшада 1-тараудың 5-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:

 

«5. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

 

1) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

 

2) жіті респираторлық инфекция белгілері бар (жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы) персонал.»;

 

23) БМСД № 67 қаулысына 33-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

24) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымшада І бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«8. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде байланыс анықталғаннан бастап 1-күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.»;

 

25) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымшада ІІ бөлімнің 39-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«39. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжат болған кезде жіберіледі.»;

 

26) БМСД № 67 қаулысына 35-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 68 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

1) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 2-тармағының 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

 

2) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«15) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;»;

 

3) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;

 

3) ҚР  БМСД № 68 қаулысына 3-қосымшада 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) алынған сәтінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесінің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы;»;

 

4) ҚР  БМСД № 68 қаулысына 4-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

1) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін – 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі;»;

 

2) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«44. Вакцинациядан кейінгі кезеңде медициналық бақылауды медицина қызметкерлері КВИ-ға қарсы егуді алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде жүргізеді. Медицина қызметкері егу алдында вакцинацияланатын адамға вакцина енгізілгеннен кейінгі алғашқы 3 күнде көңіл-күйінің бұзылу белгілері пайда болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіреді.».

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

  1. Осы қаулы 2021 жылғы 3 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

 

Е.Қиясов,

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері     

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости