- Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2021 жылғы 20 наурыз № 175