Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Гурьев облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тағам гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады.
Ал, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары болып келді.