Атырау ықшамауданындағы екі қабатты үйде орналасқан жергілікті діни бірлестікте 40-қа жуық адам жиналып, діни шара өткізіп, дастархан басында отырыс ұйымдастырған.
Бірлестік әкімшілігіне қатысты анықталған заңбұзушылық бойынша жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік шара алынды.