RSS лента

Кабулдан Алматыға тағы 120 адам эвакуацияланды

  • 23.08.2021, 16:45,
  • 605
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

22 тамызда БҰҰ Ауғанстаннан Қазақстанға тағы 120 адамды эвакуациялады. Бұл — ұйым ұйымдастырған осымен екінші рейс, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик таратқан хабарламада айтылды.

 

«22 тамызда БҰҰ Кабулдан Алматыға 120 адамды шығарды, бұл соңғы аптадағы екінші рейс. Жолаушылардың қатарында БҰҰ қызметкерлері мен БҰҰ – ның Ауғанстандағы серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар» делінген хабарламада.

 

Дюжаррик БҰҰ «өзінің мыңдаған қызметкерлері мен серіктестерінің қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге басты назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, ұйым жергілікті халыққа көмектесуді жалғастыруда және миллиондаған мұқтаж ауғандықтарға маңызды гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуде.

 

Айта кетейік, 18 тамызда Кабулдан Алматыға Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі дипломатиялық миссияның (UNAMA) және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерінің 200-ге жуық қызметкері келген болатын. Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай кезінде БҰҰ Қазақстанға өз қызметкерлерін уақытша орналастыру туралы өтініш білдірді, оны Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

 

Бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Алматыда UNAMA кеңсесін орналастыру мерзімі Ауғанстандағы жағдайдың одан әрі дамуына байланысты екенін мәлімдеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости