RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев шексіз алғысын білдірді

  • 05.12.2020, 23:44,
  • 870
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда еріктілер жылы жарияланғанын және еріктілік – нағыз ерлік екенін еске салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті өзінің Twitter парақшасында Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

 

«Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сондай-ақ, ол еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын да айрықша атап өтті.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости