RSS лента
---

Қазақстаннан Моңғолияға репатриациялық рейстер ұшырылады

  • 10.08.2021, 11:38,
  • 436
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

14 және 19 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қазақстандағы Моңғолия азаматтары үшін Ұлан-Батырға репатриациялық рейстер ұшады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, арнайы рейстерді Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі мен HunnuAir әуе компаниясы ұйымдастырған.

 

«Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұза отырып келген сол елдің азаматтары да Моңғолияға орала алады. Ол үшін оларға көші-қон қызметі басқармасына жүгіну қажет. Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша арнайы рейс 14 тамызда, Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша – 19 тамызда ұшады.

 

Арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтарын және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын. Бұдан басқа, көші – қон заңнамасын бұза отырып Қазақстанға келген Моңғолия азаматтары да Отанына репатриациялық рейстермен орала алады» делінген полиция департаментінде.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости