RSS лента

Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус табылуда...

  • 21.03.2021, 15:14,
  • 1 189
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

2021 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ресми дереккөз «Сoronavirus2020.kz» мәлім еткендей, бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведосмвоаралық комисияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

 

4 521 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 121 адам, анықтамасыз 400 ҚР азаматтары келді.

 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 276 жолаушы, анықтамамен - 2 145, анықтамасыз - 131;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 948 жолаушы, анықтамамен - 787; анықтамасыз - 161;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен - 603; анықтамасыз - 44;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 348 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 37;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз - 27.

 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 19 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 412 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген алты жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости