RSS лента

COVID-19: Қазақстанға қанша жолаушы анықтамасыз ұшып келгені анықталды

  • 06.12.2020, 20:29,
  • 739
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

5 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, барлығы 1 701 жолаушы ұшып келген. Олардың 1353-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған.

 

Сoronavirus2020.kz сайтында көрсетілгендей, анықтамасыз келген 348 адамның бәрі де – ҚР азаматтары:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 838, анықтамасыз - 186;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 41; -

Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен - 119, анықтамасыз - 121.

 

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті» делінген ресми хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости