RSS лента

Шетелден оралған 34 қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 26.10.2020, 11:28,
  • 626
  • 0
  • Автор:
Автор фото: «Сoronavirus2020.kz»

Соңғы үш аптада Қазақстанға шетелден келген 34 отандасымыздан КВИ анықталған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «Сoronavirus2020.kz» ресми порталына сілтеме жасай отырып.

Көліктегі Бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың мәліметінше, олардың барлығы халықаралық әуе рейстері арқылы Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келген. Бұл азаматтарда ПТР-тестілеу нәтижелері болмағандықтан, екі күндік карантинге алынып, сол жерде вирус белгілері анықталған.


Айта кетейік, жаңа талап бойынша бүгіннен бастап жолаушыларда, оның ішінде елімізге халықаралық әуе рейстерімен келетін Қазақстан азаматтарында соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР-анықтамасы болуы тиіс. Егер ол болмаған жағдайда жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости