RSS лента

Қазақстандықтар шетелден коронавирус тасып жатыр ма?

Автор фото: әлеуметтік желі

Дубай мен Шарм-эль-Шейх-тен келген Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2021 жылдың 22 қаңтарында ҚР аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы мәлімдеді.


1944 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 ҚР азаматтары келді.

 

Оның ішінде:

 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72;

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49.

 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.

Оставить комментарий
Последние новости