«Пандемияның алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік шекарада бақылау шаралары едәуір күшейтілді. Инфекцияның сырттан кіруіне жол бермес үшін келген азаматтар тексеріліп, карантинге жатқызылды. Кейінгі үш айдың өзінде ғана әуе рейсімен 155 мың адам келіп, оның ішінде 75 адамнан COVID-19 анықталды. Автоөткелмен 440 мың адам келіп, оның ішінде 666 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осы шаралардың арқасында науқастарды бірден оқшаулап, инфекцияның таралу қаупінің бетін қайтардық» деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.