RSS лента

Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус табылды

  • 05.01.2021, 03:54,
  • 778
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келген. 815 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.

 

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.

 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдау нәтижесі бойынша 6 жолаушыдан коронавирус анықталды. Оның ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости