Одан қытайлықтардың зауытқа келген сәтін анық көруге болады. Әлеуметтік желіде кеңінен таралған видеоға орай Атырау облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров пікір білдірді. Оның сөзінше, 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласынан чартерлік рейспен «CNCEC» (China National Chemical Enginnering Co) компаниясынан 124 қытайлық маман ұшып келген. Олар газ-химиялық зауыттың бірінші фазасының жобасы бойынша жұмыс жасауға келгені белгілі болды.