RSS лента

Той көп, бетперде жоқ…

  • 12.01.2021, 03:07,
  • 567
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

2021 жылдың 1-10 қаңтары аралығында мобильдік топтар 903 рейд жүргізіп, 3769 нысанды тексерген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.

 

Каналдағы деректерге қарағанда, р ейд барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және карантин талаптарын сақтамау бойынша 28 заңбұзушылық анықталды. Мәселен, Қызылқоға ауданында жаппай отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, осы уақыт аралығында 2 үйлену тойы өткізілген.

 

Сондай-ақ, Атырау қаласында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған «Регионбет» лото клубы келушілерді жасырын қабылдағаны анықталды.

 

Сонымен қатар, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық қалашығында бетперде режимін сақтамаудың 2 фактісі және бекітілген жұмыс режимін бұзудың 1 фактісі тіркелді. 22 материал қаралу үстінде.

 

Қазіргі таңда, мобильді топтар мен жергілікті полиция департаментінен түскен материалдар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 547 975 теңге көлемінде 6 айыппұл салынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости