RSS лента

Бала дәрігерінің атынан жалған ақпарат тарады

  • 02.12.2020, 17:15,
  • 947
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазнет қолданушылары педиатр Ринат Мұратовтың атынан хабарлама таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Хабарламаға сәйкес, қазақстандық ауруханалардың бірінде «Тархун» сусынын ішкен бір бала көз жұмған, тағы біреуі реанимацияда жатыр. Бұдан әрі Қазақстанда сатылатын «қауіпті» өнімдердің тізімі ұсынылған. Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

 

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бүгінгі таңда Қазақстанда тізімде жарияланған өнімдерден балалардың улану және қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген. Сонымен қатар, бұл ақпарат бұған дейін 2019 жылы тараған болатын. Сонымен қатар, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптары бойынша, сәйкес келмейтін (оның ішінде қауіпті) өнімдер туралы ақпарат ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде» жарияланған, – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

 

Сондай-ақ, комитет ресми ақпарат көздеріне ғана сену керектігін еске салып, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости