– Атырауда блокбекеттер қойылып жатыр деген мәлімет – жалған. Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын. Облыс аумағына жақында одан басқа блок-бекеттер қойылған жоқ, - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.