RSS лента

Келіп жатқан көмек қайда кетіп жатыр?

  • 16.07.2020, 09:57,
  • 2 312
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Атырауға COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды. Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі-дәрмектер дәріханалар желісіне таратылады.


«Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.


Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді..


Бірақ, дәріханаларға жасалған рейдтік тексерістер барысында дәрілердің жартысынан көбі жоқ екені анықталып отыр. Сонда өзге елдерден келіп жатқан көмек қайда кетіп жатыр деген заңды сауал туындайды.

Оставить комментарий
Последние новости