RSS лента

Бекшин бай азаматтар барына қапалы

  • 28.01.2021, 02:37,
  • 683
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігеріЖандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирус пандемиясы кезінде шетелде демалуға қаражаты барына өкініш білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, азаматтарымыздың бір бөлігінде шетелде демалуға қаражаты бар. Оралғандардың шамамен 90 пайызы алдын ала тексеруден өтеді. Олардың белгілі бір бөлігі үнемдеуге тырысады. Мемлекет оларды тегін көлікпен, қонақүймен қамтамасыз етеді, тегін тестілеу жүргізеді, тамақтандырады. Біз бес жұлдызды қонақүйлерді ұсына алмаймыз. Олар сынама тапсырмағандықтан, жолаушыларға, қала тұрғындарына қауіп төндіретінін түсінуі керек.

 

Пандемия басталғалы бері 13 мыңнан аса қала тұрғыны Алматыға ПТР анықтамасыз келген. Олардың ішінде 85 азаматтың тестілеуі оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбі Түркиядан – 30 адам, Мысыр мен БАӘ-ден – 23 адам келген. Бәрі ауруханаға жатқызылды. Жалпы айтқанда бір ПТР-тест қазір 8 025 теңге тұрады, 6 000 теңге қонақүй, тамақтану, медициналық қызмет, жол ақысы – тағы 4 500 теңге. Халқы үшін осындай жеңілдіктер мен қамқорлық көрсете алмайтын мемлекеттер де бар» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости