ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 055 жолаушы ұшып келді. Олардың 1 806-сында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 249-ында анықтама болмаған, барлығы да – ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
– Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 149 жолаушы, анықтамамен – 1 043, анықтамасыз – 106;
– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 811 жолаушы, анықтамамен – 668; анықтамасыз – 143;
– Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 95 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтама болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде» деді министрліктен.
Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 3 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған – барлық 247 жолаушыда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.