Оның 27-сі ұл, 19-ы қыз бала. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазір сәбилердің де, жас аналардың да денсаулық жағдайлары қалыпты.
«Бұл сайлау өткен тәулікте өмірге келген балалар бойынша ақпарат» деп нақтылады аталған басқармасының ресми өкілі Нұргүл Ысмағұлова.
Атап өту керек, 1-9 қаңтар аралығында облыс бойынша 335 сәби өмірге келді.
Айта кетейік, кеше сайлау күні Атырау облысында 101 жас ана перзентханаларда дауыс берген болатын.