Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазіргі уақытта 38-інің жағдайы жақсарып үйлеріне шығарылды.
«Бес күнде аудандық ауруханаға 43 тұрғын улану шағымымен түскен болатын. Барлығында жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары байқалды. Бүгінгі мәлімет бойынша, олардың 38-інің жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта аудандық ауруханада 5 науқас ем алуда. Олардың жағдайлары қалыпты. Анализ қорытындылары жақсарған жағдайда, емделушілер кешікпей үйлеріне шығарылады» деді Жылыой аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева.