RSS лента

Ауғанстандағы аласапыранға кім кінәлі?

  • 16.07.2021, 15:46,
  • 370
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ауған тәліптері Пәкістанмен шекарадағы Спин-Болдак өткізу бекетін өз бақылауларына алғанын хабарлады. Бұл – олар үшін маңызды қадам. Өйткені, тәліптердің қатары дәл осы шекара бекетінің арқасында көбейіп келген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Енді олар бүкіл ауған аумағын уысында ұстауды мақсат етіп отыр. Қазірдің өзінде Тәжікстан, Түрікменстан және Иранмен арадағы бас қақпа – осылардың қолында. Ал Ауғанстанның ресми билігінде Кабулдан бөлек, аз ғана аудан қалып отыр.

 

Осы орайда, БҰҰ босқындар санының күрт көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

 

«Босқындар мәселесімен айналысатын агенттік Ауғанстанда гуманитарлық дағадрыс болатыны туралы ескертіп жатыр. Қалай болғанда да, күн өткен сайын күрделене түскен кикілжің қарапайым адамдардың өміріне кесір болуда. Егер екі тарап осы күйі келісімге келе алмаса, ауған халқы ел ішінде де, көрші елдерге де босып кету қаупінде», — деді БҰҰ өкілі Фархан Хак.

 

БҰҰ мәліметінше, биылғы қаңтар айынан бастап Ауғанстандағы босқындар саны 270 мың адамға артқан. Бұл дегенің жалпы көрсеткіштің 3,5 миллионнан асқанын білдіреді.

 

Адамдардың аласапыран күйге түсуіне ресми билік пен тәліптер арасындағы қанқұйлы қақтығыстар негізгі себеп болса, екіншілерінің қатаң талаптары да халықтың ауып кетуіне ықпал ететін көрінеді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости