RSS лента

Коронавирустың жаңа штамы қаншалықты қауіпті?

  • 29.12.2020, 06:48,
  • 830
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Коронавирус пандемиясы аяқталмай жатып әлемді дүр сілкіндірген індеттің жаңа штамы жайлы ақпарат халықты одан әрі алаңдата түсті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сарапшылардың соңғы зерттеуіне сенсек, вирустың жұқпалылығы жоғары. PhD, Назарбаев университетінің биомедициналық инженерия саласындағы профессоры, ғалым әрі MedSupport волонтер Дана Ақылбекова вирустың жаңа штамы жайлы айтып берді.

 

- Коронавирустың жаңа штамы туралы қарапайым халық нені білуі керек?

 

- Ай сайын вирустың бір немесе екі мутациясы пайда болады. Таңғаларлық ештеңе жоқ. Вирустар әрдайым мутацияға ұшырап отырады. Алайда Ұлыбританияда пайда болған B.1.1.7 атаулы жаңа нұсқа ғалымдар күткеннен ертерек мутацияның көбін біріктіріп алды. Бұл нұсқа генетикалық кодта 17 түрлі мутацияға ие. Осы мутациялардың кейбірі вирустың сыни бөлігінен де күшті. Кейбір мутациялар бұл тұрғыда алаңдаушылық тудырып отыр .

 

1.1.7 алдын алушы геномды талдау мутацияларының кейбірі вирустың әрекеті өзгертетінін анықтаған. Мутацияның бірі (501Y деп аталатын) ақуызды адам жасушаларының бетінде тығыз орналастырады. Екінші өзгеріс (69-70del) иммунитеті әлсіз кейбір пациенттердің табиғи иммундық жауабынан қашу үшін эволюциядан өткен вирустардан анықталды. Алайда жаңа штам туралы ештеңені болжап білу мүмкін емес. Вирустың осы нұсқасы басқаларына қарағанда өзін қалай ұстайтынын білу үшін бізге көбірек ғылыми мәліметтер керек. Бұл штамда спайк белоктарының өзгерісі байқалды. Спайк ақуызы – вирусқа біздің денеміздің жасушасының есігін ашатын кілт. N501Y деп аталатын тағы бір мутация спайктың едәуір маңызды бөлігін өзгертеді. Вирустың бұл нұсқасында тікенек бірінші рет біздің денеміздің жасушаларының бетімен байланысқа түседі. Вирустың ішке енуін жеңілдететін кез келген өзгерістер оған басымдық беруі мүмкін. Тағы бір мутация – H69/V70. Ондай жағдайда тікенектің біршама бөлігі ажырап қалады. Кембридж университетінің профессоры Рава Гуптаның жұмысы мутацияның инфекциялылығын арттыратынын көрсетті.

 

- COVID-19 мутациясы бұрын да тіркелді ме?

 

- Иә. Қытайдың Ухань қаласынан анықталған вирус әлемнің түкпір-түкпірінен кездесетін вирустан өзгеше. D614G мутациясы Еуропада ақпан айында пайда болып, бүкіл әлемдегі вирустың басым түріне айналды. A222V деп аталатын тағы бір вирус бүкіл Еуропаға таралып, адамдардың Испаниядағы жазғы демалысы кезінде тараған.

 

- Оның қаншалықты қаупі бар?

 

- Вирустың бұл нұсқасының қауіпті екенін айғақтайтын әлі ешқандай дәлел жоқ. Әзірге жаңа нұсқа аса қауіпті ауруларды туғызбайды. Ғалымдар ол туралы нақты әрі толық білмейді, өйткені бұл нұсқа жақында ғана пайда болды. Бірақ әзірге В.1.1.7 вирусымен ауыратын адамдар «көп» ауырмайды әрі жаңа нұсқаға байланысты адам ағзасында асқыну байқалмайды. Жалғыз қауіп - егер вирус шынымен де жұқпалы болса, онда аурухана төсегі көбірек қажет болады, демек, ауруханаға жатқызу уақыты жеделдетіледі.

 

- Жаңа штамның жұқпалылығы жоғары деген әңгіме тарап жатыр. Расымен де солай ма?

 

- Ұлыбританиядағы вирусты қауіп-қатерлерге кеңес беру тобының (Nervtag) жалпыға ортақ соңғы хаттамалары бұл жаңа нұсқаны едәуір көбірек тараған деп санайды. Геномдық талдау көрсеткендей, бұл ерекше штамның таралуы шамамен 70% артқан. Сонымен қатар, жоғары R мәні мен тексерілген үлгілерде жаңа нұсқаны анықтау арасындағы байланыс анықталды. (R - вирусты екінші адамға тарататын адам саны. Ол қаншалықты жоғары болса, вирус соншалықты көп таралады). Олар сондай-ақ, бұл нұсқа ұлттық оқшаулау шаралары қабылданған кезеңде жылдам өскендігін атап өтті. Жаңа штам шынымен де жұқпалы болуы мүмкін, бірақ сенімді болу үшін көбірек зерттеу қажет. Британдық ғалымдар алғаш рет 20 қыркүйекте пайда болған B.1.1.7 штамының қараша айының ортасында оқшауланғандардың 26%-нан анықталғанын айтты. 9 желтоқсанда бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болды. Лондонда барлық жағдайдың 60%-дан астамы жаңа нұсқаға тиесілі еді. Көп мутация вирустың таралу көрсеткішін 70% арттыруы мүмкін. Тағы бір алаңдаушылық туғызатын мәселе Оңтүстік Африкада тіркелді. Онда ғалымдар вирустың геномын үш провинцияда зерттеп шыққан: олар - Шығыс Кейп, Батыс Кейп және Куазулу-Наталь. Олар тікенді геннің N501Y мутациясын жүргізетін британдық нұсқадан бөлек сызықты анықтады.

 

- Коронавирустың аталмыш түрі одан әрі мутацияға ұшырап, басқа мемлекеттерге тарап, одан сайын мутациялануы мүмкін бе?

 

- Нұсқа қазірдің өзінде әлемнің көптеген елінде, соның ішінде АҚШ-та таралуы мүмкін. Зерттеушілер оны Данияда, Нидерланд және Австралиядан анықтады. Ұлыбритания ғалымдары жаңа нұсқаларды бақылап отырады. Басқа елдер, соның ішінде Қазақстан вирустың жаңа нұсқаларын мұқият бақыламайды. B.1.1.7 сияқты жаңа нұсқалар, бәлкім, басқа елдерде байқалмай да қалуы мүмкін.

 

- Осы уақытқа дейін әзірленген әлемдегі вакциналар коронавирустың жаңа штамдарына қарсы тұра ала ма?

 

- Баспасөз мәслихатында BionNTech өкілдері қазіргі уақытта вакцинаның жаңа штамнан қаншалықты қорғайтыны жөнінде мәлімет жоқтығын айтты. Бірақ сондағы өкілдер ғылымға сүйене отырып, вакцина тудырған иммундық жауап жаңа вирусты жеңе алатынын алға тартады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости