RSS лента

Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр…

  • 28.01.2021, 02:25,
  • 852
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша атқарылған жұмысты сынға алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданып, оған 1 триллион теңге бөлінгенін айтып өтті. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілген. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарғаны сөзсіз.

 

«Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталып отыр.

 

Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім.

 

Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз!» деді Президент.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости