RSS лента

Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдай ма?

Автор фото: Ақорда

Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпарат жалған болып шықты.

«Қазіргі кезде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы ахуал сағат сайын өзгеріп жатыр, сондықтан нақты шешім туралы айту ертерек» делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде.


Айта кетейік, Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.


«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда. Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр» деп жазды Президент өзінің твиттер парақшасында.



Оставить комментарий
Последние новости