RSS лента

Кімдердің жалақысы 30 пайызға өсетіні айтылды

Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкіметке үш жыл ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар алғы шепте полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды. Менің тапсырмам бойынша пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі» деді Президент.

Оставить комментарий
Последние новости