RSS лента

Енді мемлекеттік қызметке «таныстар мен туыстар» алынбайды

  • 07.10.2020, 19:20,
  • 3 515
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекеттік қызметшілер енді жақын туыстарын қызметке қабылдай алмайтын болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Мемлекеттік лауазымға немесе соған теңестірілген қызметтерді орындауға байланысты лауазымға үміткер сол ұйымда жұмыс істейтін жақын туысы, жұбайы немесе жекжаттары туралы өзі жұмыс істегісі келіп отырған жердің басшылығына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

 

Бірқатар заңда мемлекеттік қызметті орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайы немесе туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынышты лауазымды атқара алмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар жақын туысы, жұбайы немесе туысының тікелей басшысы да бола алмайды» деді еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған  еді. Соған сай, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық пен материалдық сыйақы беруге толықтай тыйым салынған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости