«Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ», - деп мәлімдеді ол.
Тілеубердінің сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
«Сондай-ақ, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті», - деп түйіндеді министр.