«Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Қазір Ливандағы ҚР азаматтардың жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Осы орайда, қазақстандық дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста екенін айта кеткен жөн.