RSS лента

Air Astana ұшақ бортындғы бала өліміне түсініктеме берді

  • 12.07.2021, 18:11,
  • 807
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Air Astana» ұшақ бортында қаза тапқан баланың анасы ұлының ауыр жағдайы туралы алдын ала ақпарат бермегенін айтты. Олардың айтуынша, әйел тек кресло мен қону кезінде көмек сұраған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Авиакомпания қызметкерлері  баланың жағдайы ұшу кезінде нашарлағанын айтты. Өкінішке орай, жолаушылар арасында дәрігерлер болған жоқ, сондықтан ережелерді сақтай отырып, бортсеріктердің өздері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

 

«Атап айтқанда, балаға оттегі берілді. Ұшақтың төмендеуі кезінде оның жағдайы одан әрі нашарлағаннан кейін дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Әуе кемесінің командирі ішкі істер органдарына хабарлап, төтенше жағдай жариялады. Оның өтініші бойынша қонуға кіру үшін басымдық берілді, бортты жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды. Өкінішке орай, күш – жігерге қарамастан, бала қайтыс болды» деп хабарлады авиакомпания.

 

Кейін баланың онкологиялық ауруы бар екені анықталды.

 

«Оқиға фактісі бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізетін болады. Аіг Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Авиакомпания басшылығы болған оқиғаға қатты қайғырады» деді баспасөз қызметіндегілер.

 

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Шымкент – Алматы рейсінің бортында тоғыз жасар жолаушы ауырып қалды. Әуе кемесінің төмендеуі кезінде бала алғашқы медициналық көмекке қарамастан есінен танып қалды, оны құтқару мүмкін болмады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости