RSS лента

Бөтен науқас баланың фотосуретін пайдаланып ақша жинаған алаяқ әйел әшкереленді

  • 02.12.2020, 19:18,
  • 1 211
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда алаяқ әйелдің әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматша, оны біреудің қайғысын жасыра отырып,  шешуге тырысқан. Instagram-да "церебралды сал ауруымен" ауыратын үш жасар сәбиді емдеуге қаражат жинау туралы беріліп, кейін алып тастаған хабарландыруды көріп, ойын іске асырады.


Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, алдымен, бұл азаматша әлеуметтік желіде жеке парағын ашып, сол науқас баланың фотосуретін және өзінің банктік деректемелерін көрсете отырып,  көмек сұраған жазбасын  жариялайды. Жалған хабарландыруды кездейсоқ көріп қалған баланың анасы  полицияға арызданады, деп  хабарлады

 

Ұзамай, қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлім қызметкерлері хабарландыру авторын Атырау қаласының  28 жасар тұрғынын анықтап, ұстады. Айтуынша, ол  өзінің бережақ 40 мың теңге қарызын  өтеу үшін осылай шешкенін айтты. 16-23 қараша аралығында оның есеп шотына балаға көмек қолын созған азаматтардан жалпы сомасы 37 мың теңге түскені анықталды.

 

Тергеп-тексеру барысында күдікті азаматша аталған соманы өзіне кешірім берген  баланың анасына  қайтарды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости